Қоғам

Миллионер Құдайберген Алматы мәслихатының депутаты атанды

Қайрат Құдайберген – Q3 Worldwide құрылыс холдингінің басшысы
Sputnik

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Танымал қазақстандық бизнесмен, блогер Қайрат Құдайберген "Нұр Отан" партиясы атынан Алматы мәслихатының депутаты болды.

Зоопарктің қарызын төлеген Қайрат Құдайберген жұрттың сынына жауап берді

Депутаттарды сайлау 25 наурызда өтті.

"Жаратқанның қалауымен, өздеріңіздің қолдауларыңызбен Алматы мәслихатының депутаттығына сайлауда жеңіске жеттім.  Алда биік мақсаттар мен қаурыт жұмыс күтіп тұр, бірақ бірлесіп Жетісу ауданының дамуына ғана емес, қаланың да өркендеуіне зор үлесімізді қосамыз деп ойлаймын", — деп жазды Q3 Worldwide холдингінің басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қайрат Құдайберген әлеуметтік желіде жетістікке жету жолындағы басынан кешкен оқиғалары туралы жазып әрі қайырымдылықпен белсенді айналысуының арқасында танымал болған еді.