Қоғам

Зоопарктің қарызын төлеген Қайрат Құдайберген жұрттың сынына жауап берді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы зоопаркі
Алматы зоопаркі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайрат Құдайберген Алматы зоопаркінің миллиондаған қарызын төлеген

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген алматылық зоопарктің танымал неміс архитекторы Питер Разбах алдындағы қарызын төлеп жатыр. Бизнесменнің бұл әрекеті жұрттың сынына ұшыраған еді.

Алматы зоопаркі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бизнесмен Алматы зоопаркінің миллиондаған қарызын төледі

Интернет қолданушыларының пікірінше, кәсіпкер жануарларға көмектескенше, науқас балаларға жәрдем бергені жөн. Тіпті кейбілеулер бизнесмен осы әрекетімен атын шығарғысы келеді деген сөзге дейін барды.

Құдайберген Facebook парақшасында жариялаған жазбасында отандастарының пікіріне ренжімейтінін жеткізді.

"Мен Алматыда туып өстім, бұл зоопаркке менің ата-анам, атам мен әжем барған. Қазір балаларым барып жүр. Сүйікті зоопаркімнің дамуына титтей де болса үлес қосқаным үшін қуаныштымын. Біздің компания онкологиялық дертке шалдыққан, кемтар балаларға көмектеседі. Болашақта Балалар реабилитация орталығын ашқымыз келеді. Басты басымдығымыз – балалар, бірақ барлығына бірдей көмектесу мүмкін емес. Өкінішті…" — деп жазды Құдайберген.

Сөз соңында белгілі бизнесмен, жұрттың сынына қарамастан, жақсылық істеуді жалғастыра беретінін мәлімдеп, сыншыларға сауал қойды: "Сыншыларға айтқым келетіні: өздеріңіз де бір нәрсе істеп көрсеңіздерші?".

Жаңалықтар
0