Әлем

Кемероводағы өрт кезінде Аман Төлеевтің туысы қаза тапты

Өрттен қаза тапқандардың саны 48 адамға жетті
Sputnik

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда ойын-сауық орталығынан шыққан өрттен қаза тапқандардың саны 48 адамға жетті, деп хабарлады РИА Новости төтенше жағдай орнындағы жедел штабтың өкіліне сілтеме жасап.  

Кемеровода өрттен 37 адам қаза болды
"Нақтыланған дерек бойынша, "Зимняя вишня" СОО-дағы өрт кезінде 48 адам қаза тапты", — деді ол.

Қаза тапқандардың арасында Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің туысы бар болып шықты.  

"Сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандардың бірі губернатор Аман Төлеевтің 11 жасар туысы екені белгілі болды ", — деді өңірлік әкімшіліктің өкілі.  

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда ойын-сауық орталығынан өрт шыққан болатын.