АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Эпицентрі Ауғанстан аумағында орналасқан жер сілкінісі Алматының оңтүстік-батысында тіркелді, деп хабарлады ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сайты.
Жер сілкінісі 25 наурыз күні сағат 04.17-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 852 километр жерде, Ауғанстан аумағында орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.4 құраған, магнитудасы — MPV 6.4. Зілзала ошағы 120 километр тереңдікте орналасты.
Сезілгені туралы мәлімет жоқ.