АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Қарағандыда бес күн бұрын жоғалып кеткен дәрігер-анестезиолог табылды. Полицейлер оны өз үйінің жанынан Михайлов секторынан тапқан.
"Денис Ромашков аман-есен табылды. Қазіргі уақытта оның жоғалуының мән-жайы анықталып жатыр", — деді облыстық ішкі істер департаментіндегілер.
41 жастағы Денис Ромашков 18 наурызда әйеліне аулада болатынын айтып, үйден шығып кеткен. Бірақ келіншегі күйеуін таба алмайды. 21 наурызда ол полицияға барып, жұбайының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады.
Ер адам қалалық клиникада анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істейді. Әйелі екеуі үш бала тәрбиелеп отыр. Зайыбының айтуынша, бұған дейін ол ешқашан үйінен ұзақ уақытқа кеткен емес.