Өңірлер

Қарағандыда бес күн бұрын жоғалып кеткен дәрігер табылды

CC0 / valelopardo / дәрігер
дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үйден шығып кетіп, қайтып келмеген ер адамның әйелі бірнеше күннен кейін полицияға барған

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Қарағандыда бес күн бұрын жоғалып кеткен дәрігер-анестезиолог табылды. Полицейлер оны өз үйінің жанынан Михайлов секторынан тапқан. 

"Денис Ромашков аман-есен табылды. Қазіргі уақытта оның жоғалуының мән-жайы анықталып жатыр", — деді облыстық ішкі істер департаментіндегілер. 

41 жастағы Денис Ромашков 18 наурызда әйеліне аулада болатынын айтып, үйден шығып кеткен. Бірақ келіншегі күйеуін таба алмайды. 21 наурызда ол полицияға барып, жұбайының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. 

Ер адам қалалық клиникада анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істейді. Әйелі екеуі үш бала тәрбиелеп отыр. Зайыбының айтуынша, бұған дейін ол ешқашан үйінен ұзақ уақытқа кеткен емес. 


Жаңалықтар
0