Қоғам

Астанада ер адам үйдің шатырынан секірмек болды

Қызымен жанжалдасып қалған азамат өзін өлтірмек болады
Sputnik

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Ұлттық ұлан жауынгерлері өз өмірін қиюға бел буған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астанада жас жігіт жұрттың көзінше өзін өлтірмек болды

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 18 наурызда кешкі сағат 20.15 шамасында Сарыарқа ауданы Кенесары көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған. 5573 әскери бөлімінің жасағы мейрамхана шатырынан секіргелі тұрған ер азаматты байқайды. 

Төменде жиылған жұрт әлгі азаматты райынан қайтуға көндіріп тұрғанда, ұландар арт жағынан ақырын жақындап барады. Оларды байқап қалып секіруге ұмтылғанмен, патрульдік топ бастығы оны ұстап үлгереді. Азамат сонда да әрекетін аяқтау үшін сырт киімін шешуге оқталады. Алайда, сарбаздар шапшаң қимылдап, оны қолтығынан сүйреп кері тартып алады.

"Шатырға шығарғанда сол қолынан қан байқадық, секірмес бұрын тамырын да кеспек болғанға ұқсайды. Әрі ішімдік ішіп алған екен", — дейді сарбаздың бірі. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиғаға дейін осы азамат пен таныс келіншек арасында жанжал болған. 

Cарбаздар оқиға орнына жедел жәрдем шақырды.