АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасындатып соққан жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшейіп, түнде екпіні 23-28 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ, найзағай ойнайды, түнде желдің күші 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысында желдің күші 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасындатады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай, жел күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін.
Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатады. Түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ, күндіз екпінді жел болады.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болжанып отыр.