Өңірлер

Дауыл, найзағай, жаңбыр: бүгін ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтужел
жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 наурызға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасындатып соққан жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшейіп, түнде екпіні 23-28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ, найзағай ойнайды, түнде желдің күші  15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. 

Павлодар облысында желдің күші 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасындатады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай, жел күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін.

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатады. Түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ, күндіз екпінді жел болады.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болжанып отыр. 

Жаңалықтар
0