Қоғам

Астана тұрғыны жарыққа 13 миллион теңге қарыз болып қалған

Өткен жылдың басында коммунальдық компанияның өкілдері электр энергиясын тұтыну ережесін бұзу туралы акт жасады
Sputnik

АСТАНА, 21 наурыз — Sputnik. Астана тұрғынының "Астанаэнергосбыт" ЖШС алдындағы қарызы 13 миллион теңгеден асқан, компания сотқа жүгінді.  

Аймақтық энергия өндіруші ұйымдар 6 млрд теңге қарыз болып қалған
2017 жылдың басында "Астана-РЭК" АҚ мамандары жауапкер электр энергиясын тұтыну ережесін бұзғаны туралы акт жасады. Есептеу құрылғысын эксперттік тексерудің нәтижесінде онда механикалық ықпал ету белгілері бар екені анықталды. Яғни, әйел есептеу құрылғысын "айналдырып", 13 миллион теңгенің жарығын ақысыз тұтынған.

"Азаматтық процестік кодекстің 72-бабының талаптарына қарамастан, жауапкер тарап талапкердің айғақтарын теріске шығаратын дәлел ұсынған жоқ. ҚР Азаматтық кодексінің 272-бабына сәйкес міндеттеме заң талаптары мен міндеттеме шарттарына сай тиісті деңгейде орындалуы тиіс. Соттың шешімімен жауапкерден "Астанаэнергосбыт" ЖШС пайдасына қарыз өндіріледі", — деп жазылған Астана сотының хабарламасында.  

Шешім заңды күшіне енген жоқ.