Әлем

Телефонын қуаттағыштан ажыратпай сөйлескен қыз ажал құшты

18 жастағы қыздың смартфоны жарылып, қатты күйік шалды, оқиға орнына жеткен дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмаған
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Үндістанда телефонмен сөйлесіп отырған қыз көз жұмды. Daily Mail басылымының мәліметінше, оның қолындағы смартфон жарылып кеткен, деп жазды life.ru.  

Өскеменде ер адамның қолында қуаттау құрылғысы жарылды
18 жастағы Ума Орам өзінің Nokia телефонын қуаттау құрылғысына қосып, отбасы мүшелерінің бірімен әңгімесін жалғастыра берген. Кенет тарс еткен дыбыс шығып, қыз ес-түссіз құлаған.

Жарылыс салдарынан Уманың кеудесін, қолы мен аяғын қатты күйік шалған. Трагедия орнына келген дәрігерлер зардап шегушінің қаза тапқанын анықтады.  

Қыздың ағасының айтуынша, жарылған Nokia 5233 телефоны 2010 жылы шыққан екен. Фин компаниясының өкілдері қыздың отбасына көңіл айтты.