Қоғам

Полиция сүйіктісін "піштірген" әйелдің ісіне қатысты түсініктеме берді

Қазіргі таңда іс материалдары прокуратураға жолданған
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Полицейлер Астанада ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастаған әйелге қатысты істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға қалалық ішкі істер департаменті хабарлады.   

Астаналық әйел сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастады
"Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 300-бабына сәйкес (Айыптау актісі мен қылмыстық істі прокурорға жолдау) прокуратураға жолданды", — деп хабарлады ІІД.   

Қаңтардың соңында желіде елорда тұрғыны қызғаныштан сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастағаны туралы ақпарат тараған болатын. Интернетке соттың қаулысы мен әйелдің суреті жарияланып кетті. Кейінірек ақпаратты сот қызметкерлері таратпағаны белгілі болды.