Өңірлер

Оралда кәсіпкер әйелді өлтірді деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды

Әйелдің мәйіті қалалық полиция ғимаратының жанынан табылды
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Оралда мәйіті қалалық полиция бөлімінің жанынан табылған әйелді өлтірді деген күдікпен 27 жастағы жігіт  ұсталды, деп хабарлайды "Уральская неделя".

Павлодар облысында жұмыссыз жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді аяусыз өлтіріп кеткен
Кәсіпкер әйелдің мәйіті жалаңаш күйінде Орал ішкі істер басқармасының жанынан табылған, оның денесінде зорлау және зорлықпен өлтіру белгілері бар. 

Әйелдің қолында жергілікті түнгі клубқа келушінің білезігі, ал киімнен тек төстартқышы болған.  

Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз хатшысы Ибрагим Жүсіпқалиевтің айтуынша, кәсіпкер әйелді өлтірді деген күдікпен 1990 жылы туған Орал тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылған.  

Марқұм екі жыл бұрын базарда ет павильонында жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеген.