Өңірлер

Таразда күзетші дәмханаға келген қонақтарға оқ атты

Оқиға 16 наурыз күні кешкі тоғыздар шамасында болған
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Таразда дәмханалардың бірінде күзетшілер мен қонақтар арасында жанжал шығып, салдарынан екі адам жараланды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қостанайда полиция көлік ұрлаушыларды қуып, оқ атқан
ІІД мәліметіне сүйенсек, 16 наурызда сағат 20:50-де Тараз ІІБ кезекші бөліміне қаладағы дәмханалардың қонақтардың тәртіпсіздік көрсеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік экипаж дәмханада күзет агенттігінің қызметкерлері мен қонақтар арасында жанжал болғанын анықтады. 

Белгілі болғандай, дәмханаға тамақтануға келгендер ақша төлеуден бас тартқан. Салдарынан күзетшілердің бірі екі қонақтың аяғына оқ атқан. Төрт адам жеңіл дәрежедегі жарақатпен дәрігерге жүгінді.

"Аталған факті ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің  бірыңғай тізіміне тіркелді. Жанжалға қатысқандардың берген жауабын ескеріп, Қылмыстық кодекстің 252-бабы 2-тармағы бойынша (жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің қару-жарақты қолдану арқылы өкілеттіктерін асыра пайдалану) тағы бір қылмыстық іс тіркелді", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сараптамалар белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.