АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі 15 жастағы қыздың өліміне қатысты іс бойынша кейбір ақпаратты жария етті, деп хабарлады alau.kz
Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Күдікті анықталды. Ол 44 жастағы Қостанай тұрғыны. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел тергеу шаралары кешенін жүргізіп жатыр. Аталған мәселе Қостанай облысы ІІД басшылығының бақылауында болады", — деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда оқушы қызды өлтіріп кеткен болатын. Қаза тапқан қыздың әкесі пышақ жарақатымен ауруханада жатыр, оны полицейлер күзетіп отыр.