Өңірлер

"Күдікті анықталды". ІІД оқушы қыздың өліміне қатысты мәлімет берді

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанайда оқушы қызды өлтіріп кеткен болатын

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі 15 жастағы қыздың өліміне қатысты іс бойынша кейбір ақпаратты жария етті, деп хабарлады alau.kz 

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Полиция Қостанайдағы қыздың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады
Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

"Күдікті анықталды. Ол 44 жастағы Қостанай тұрғыны. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел тергеу шаралары кешенін жүргізіп жатыр. Аталған мәселе Қостанай облысы ІІД басшылығының бақылауында болады", — деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. 

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда оқушы қызды өлтіріп кеткен болатын. Қаза тапқан қыздың әкесі пышақ жарақатымен ауруханада жатыр, оны полицейлер күзетіп отыр.   


Жаңалықтар
0