Өңірлер

Павлодарда жасөспірім ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікке ілінді

Қазіргі уақытта полиция осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Павлодарда "Весна" бағбаншылығының аумағында ер адам мен әйел адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. тілшісі. 

ОҚО-да туған баласын өлтірген 85 жастағы кейуана ұсталды

Бұл туралы қолданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі @vpavlodare қауымдастығында жазды. 

Агенттіктің жолдаған ресми хатына берген жауабында облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі қазіргі таңда адам өліміне қатысты іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері 17 жастағы күдіктіні ұстады. 

"2018 жылы 16 наурыз күні "Весна" бағбаншылығында 28 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйел адамның денесі зорлық белгілермен табылған. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлімі, 1-тармақшасы бойынша тергеу жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті тұтқындалған", — деді департаментте.