Өңірлер

Алдағы күндері кей өңірде 25 градусқа дейін күн жылынады

20-22 наурызға арналған ауа-райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Мереке күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады. Жаңбыр және қарлы жаңбыр жауады.

"Мұндай ауа-райы Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ығысатын циклондар мен атмосфералық фронттарға байланысты болады", — дейді синоптиктер. 

Бірақ ауа температурасы жауын-шашынға қарамастан климаттық нормадан асып кетеді. Оңтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін, кей жерлерде 25 °С градусқа дейін, республиканың солтүстік бөлігінде плюс 3…13°C дейін көтеріледі.