АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Тайжан Фейсбуктегі парақшасында сенатор Дариға Назарбаева мен оның басшылығындағы комитет Жер туралы заң жобасын қабылдауға қарсы болып отырғанын жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қоғам қайраткері бұл заң жобасында антилатифундистік шаралар қарастырылғанын, өйткені ол халыққа көптен күткен жайылымдарды және латифундистердің жері есебінен 10 сотық беруді көздейтінін атап өтті. Сондықтан болса керек, бұл заң жобасын Мәжілісте қабылдайтын кезде оған қарсы науқан ұйымдастырылғаны байқалып қалған.
"Егер Сіз 2016 жылғы Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне түбегейлі қарсы болсаңыз, неліктен екенін түсіндіріңізші. Жауап күтемін", — деп түйіндеді Тайжан.