Қоғам

Астанада азық-түлік арзандады

Биыл күріш пен қанттың бағасы 40 теңгеге, қарақұмық екі есе арзандады
Sputnik

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Астанада әлеуметке қажетті деген қант, қарақұмық пен кейбір көкөністердің бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бас қаладағы көкөністер бағасының қалай өзгергені жөнінде ауылшаруашылығы басқармасы мәлімдеді.

Қазақстанда қандай азық-түлік қымбаттады?
Ведомствоның мәліметінше, бүгінде "Шапағат" коммуналдық базарында картоптың бағасы 115 теңге, пияз – 100 теңге, сәбіз – 105, капуста 90 теңгеден сатылып жатыр.

"Биыл картоптың бағасы 25 теңгеге арзандады, пияз 5 теңгеге, капустаның бағасы сол қалпында қалды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ жарманың да бағасы төмендеген. 2017 жылы күріштің бағасы 210 теңге, қарақұмық жармасы – 253 теңге, қанттың бағасы 230 теңге болған.

"Биыл күріш пен қанттың бағасы 40 теңгеге арзандаса, қарақұмық екі есе арзандады", – делінген хабарламада. 

Тек еттің бағасы ғана өзгеріссіз қалған.

"Сиыр етінің бағасы 2017-2018 жылдары өзгеріссіз қалған – бір келісі 1 350 теңге", – дейді ауылшаруашылығы басқармасы. 

Мамандар өзге де әлеуметтік емес азық-түліктердің бағасы өскенін айтуда. Бірақ, бұл уақытша құбылыс. Жаз маусымы кезінде бұл бағалар тұрақтанады деп болжануда.