Қоғам

Астанада азық-түлік арзандады

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуҚарт адам азық-түлік сатып алып жатыр, архивтегі фото
Қарт адам азық-түлік сатып алып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл күріш пен қанттың бағасы 40 теңгеге, қарақұмық екі есе арзандады

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Астанада әлеуметке қажетті деген қант, қарақұмық пен кейбір көкөністердің бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бас қаладағы көкөністер бағасының қалай өзгергені жөнінде ауылшаруашылығы басқармасы мәлімдеді.

Супермаркет - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда қандай азық-түлік қымбаттады?
Ведомствоның мәліметінше, бүгінде "Шапағат" коммуналдық базарында картоптың бағасы 115 теңге, пияз – 100 теңге, сәбіз – 105, капуста 90 теңгеден сатылып жатыр.

"Биыл картоптың бағасы 25 теңгеге арзандады, пияз 5 теңгеге, капустаның бағасы сол қалпында қалды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ жарманың да бағасы төмендеген. 2017 жылы күріштің бағасы 210 теңге, қарақұмық жармасы – 253 теңге, қанттың бағасы 230 теңге болған.

"Биыл күріш пен қанттың бағасы 40 теңгеге арзандаса, қарақұмық екі есе арзандады", – делінген хабарламада. 

Тек еттің бағасы ғана өзгеріссіз қалған.

"Сиыр етінің бағасы 2017-2018 жылдары өзгеріссіз қалған – бір келісі 1 350 теңге", – дейді ауылшаруашылығы басқармасы. 

Мамандар өзге де әлеуметтік емес азық-түліктердің бағасы өскенін айтуда. Бірақ, бұл уақытша құбылыс. Жаз маусымы кезінде бұл бағалар тұрақтанады деп болжануда. 


Жаңалықтар
0