АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на тиесілі Костенко атындағы шахтада ахуал тұрақтанды, өрт сөндірілді, деп хабарлайды компания.
Өткен сенбіде 10 наурыз күні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадан өрт шыққан. Ауысым басшысы тез арада апатты жою бойынша жоспар енгізіпті. Тиісті техникалық шаралар жүргізу барысында шахтадағы жұмысшылардың бір бөлігі (546 адам) басқа нысанға ауыстырылды. Тағы 282 адам демалыста болған.
Өрт 15 наурызда ғана толығымен сөндіріліпті.
Компанияның хабарлауынша, жер асты жұмыстарына Костенко шахтасының 50 жұмысшысы мен 20 құтқарушы жұмылдырылған.