Оқиға

Қарағанды көмір шахтасында өрт сөндірушілер 5 күн бойы тілсіз жаумен күресті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуШахта
Шахта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шахтадан шыққан өртті сөндіруге 70 адам қатысқан

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на тиесілі Костенко атындағы шахтада ахуал тұрақтанды, өрт сөндірілді, деп хабарлайды компания.

Сот - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Almaty Towers ғимаратындағы өрт: батут орталығының директоры сотталды

Өткен сенбіде 10 наурыз күні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадан өрт шыққан. Ауысым басшысы тез арада апатты жою бойынша жоспар енгізіпті. Тиісті техникалық шаралар жүргізу барысында шахтадағы жұмысшылардың бір бөлігі (546 адам) басқа нысанға ауыстырылды. Тағы 282 адам демалыста болған. 

Өрт 15 наурызда ғана толығымен сөндіріліпті.

Компанияның хабарлауынша, жер асты жұмыстарына Костенко шахтасының 50 жұмысшысы мен 20 құтқарушы жұмылдырылған.


Жаңалықтар
0