АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамы кезінде елордада күн ашылып, ауа температурасы —5…-10 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, 18 мен 20 наурыз аралығында елордада ауа райы жауын-шашынды, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, температура —5-тен 0 градусқа дейін көтеріледі.
"Наурыз мейрамында антициклон әсерінен күн ашылып, сынап бағанасы түнде —5-10 градусқа, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді", — делінген хабарламада.
Бірақ, синоптиктер бұл суықтың көпке созылмайтынын мәлімдеді. Кезекті циклон әсерінен ауа температурасы жылымыққа дейін жоғарылайды, күн райы құбылмалы болады. Алайда айдың соңында суық ауа массаларының келуімен күн қайта суытады.