АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Якутскте әуежайдан ұшып шыққан ұшақтың жүк салғышы ашылып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Төтенше жағдай бейсенбі күні болыпты, оқиға кезінде борттан алтын құймалар шашылған. Көлемі қанша екені әлі айтылған жоқ. Ұшақта барлығы 10 тоннадай алтын болғаны хабарланды.
БАҚ мәліметіне сүйенсек, осы оқиғаға байланысты полиция әуежай маңындағы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерді тінткен.
Бастапқы деректер бойынша, төтенше жағдай жүктің дұрыс бекітілмегенінен болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.