АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" РМК еліміздің тоғыз облысында дабылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, 16-18 наурызда Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен жоғары ауа температурасына байланысты еріген қар суы жиналып, су деңгейі көтеріліп, алқаптарға жайылуы мүмкін.
16-17 наурызда Қарағанды облысында, 17-18 наурызда Қостанай мен Ақтөбе облыстарында, 18 наурызда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен жоғары ауа температурасына байланысты қар еріп, су деңгейі көтерілу қаупі бар.