Қоғам

Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБәйшешек
Бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15-17 наурыз аралығында батыс өңірлерде күн 0°С дейін жылынады

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Қазгидрометтің мәліметінше, биіктік антициклоны Қарағанды облысы аумағында тұр, онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен орталық, солтүстік және шығыс облыстарда ауа райы жауын-шашынды (көбінесе қар) болып, оңтүстікте соңы ылғалды қарға ұласатын жаңбыр жауып жатыр.

бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
16-17 наурызда солтүстік өңірлерде, 17 наурызда оңтүстікте жауын-шашын тоқтайды деп болжануда, бірақ шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын үш тәулікке созылады. 

Батыс облыстарда антициклонның шығысқа жылжуына байланысты жауын-шашын болып, күн жылынады. Егер өткен тәуліктерде түнгі ауа температурасы минус 20…28° дейін жетсе, 16 наурызда аяз 5-10 градусқа дейін түсіп, кей жерлерде 0°С дейін жылынады. 


Жаңалықтар
0