АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушылары зорлады деген жеті жасар баланың ресми өкілі Құрманғазы Мүсір баланы әжесімен бірге Шымкент — Алматы бағытындағы пойыздан түсіріп алып, ОҚО ішкі істер департаментіне жеткізген полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне түсініктеме берді.
"Мен, Құрманғазы Мүсір кәмелетке толмаған баланың, оның отбасы мен әжесінің ресми өкілімін. Алматыда тәуелсіз сот-медициналық сараптамадан өтуді жоспарлаған едік, алайда ІІД бастығы Дәлбековтың басқаруындағы полиция зардап шегушілерді (әжейді баласымен – ескерт.) еркінен тыс ІІД ғимаратына жеткізіп, оларға өздеріне түсініксіз құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі. Менің кәмелетке толмаған сенім білдірушімді қайда жеткізгені жайлы жақ ашпай отыр", — деп хабарлады Мүсір.
Ал облыстық ІІД қызметкерлері оларды пойыздан баланың қауіпсіздігі үшін түсіріп алдық деп отыр.
Полицияның мәліметінше, ІІД-ге отбасы, балалар мен жастар істері басқармасынан зардап шегуші баланы оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы өтініш түскен.