Өңірлер

Өш алу үшін кісі ұрлаған төрт жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Жамбыл облысының тұрғындары ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды өздері жазаламақ болған, енді бәрі сотталып кетті
Sputnik

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Төрт адам кісі ұрлағаны үшін ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды. Қапшағай қалалық соты айыпталушыларды 7,5 жылға соттады, деп хабарлайды әділет органының баспасөз қызметі.

Алматы облысында өзбек азаматын ұрлағандар ұсталды

Тергеу бойынша Қылмыстық кодекстің 389-бабы мен 125-бабына сәйкес айыпталушылардың кінәсі дәлелденді.

Бұл оқиға Алматыда басталған. Т. есімді азамат жаңбырлы күні баспанасыз қалған танысына жаны ашып, үйіне ертіп келеді. Ал ол болса үй иесінің қонақжайлығын пайдаланып, бірнеше күннен соң бағалы заттар мен ақшасын, ұялы телефонын ұрлап, Қапшағайға қашып кеткен.

Т. есімді азамат жолдастарымен бірге ұрлықшының ізіне түсіп, ойынхана тұсында ұстап, ұрып-соғып, көліктің жүк салғышына салып алады. Алматыға кетіп бара жатқанда оларды полиция тоқтатып, жүк салғыштағы адамды босатқан.

Сот үкімімен төрт адам да айыпты деп танылды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.