Саясат

Назарбаев Рахмонға: Қазақстанда бар тауарды Еуропадан тасымалдаудың қажеті не?

Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстан мен Тәжікстан қарым-қатынасының 25 жылы – бұл "достық тарихы, өзара ықпалдастық тарихы"
Sputnik

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан мемлекет басшысы Эмомали Рахмонға екі ел арасындағы тауар айналымын қалай тез дамытуға болатынын айтты.

Тәжікстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Рахмон Астанаға ресми сапармен келген. Ақордадағы кездесуде сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастың 25 жылы – бұл "достық тарихы, өзара ықпалдастық тарихы" екенін атап өтті.

"Соңғы жылдары экономика дамып келеді, сауда-саттық бір жыл ішінде 32%-ға, яғни бір миллиард долларға артты. Біз болашақтағы перспективалар мен мүмкіндіктерді қарастырдық. Сіздер нені тасымалдайсыздар, бізде не бар екенін зерттедік. Сол сияқты біз нені тасымалдаймыз және сіздерде не бар екенін көріп отырмыз. Бізде бар тауарды сонау Еуропадан тасымалдаудың не қажеті бар? Сіздерде бар тауарды, біз неге басқа жақтан әкеліп жатырмыз? Осыны ойлап қарасақ, тауар айналымын тез әрі жылдам дамытуға мүмкіндік туып тұр", — деді Назарбаев.

Рахмон өз кезегінде айтып өткендей, 25 жыл ішінде Қазақстан мен Тәжікстан екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтере білді.

"Тәжікстанда сізді халықаралық деңгейдегі дана әрі көреген саясаткер ретінде ғана емес, көрнекті тұлға ретінде шын жүректен құрметтеп, жақсы көреді. Бірнеше кітабыңыз тәжік тіліне аударылған", — деді Рахмон.