АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон наурызда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы бүгін мәжілісте ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов хабарлады.
"Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2018 жылдың 14 наурызында Қазақстанға сапарман келеді. Бұл сапар екі елдің ынтымақтастығын дамытуға серпін береді деген сенімдеміз", — деді Әбдірахманов.
Ақпан айында Қазақстан мен Тәжікстан президенттері телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.