АСТАНА, 14 наурыз —Sputnik. Бүгін мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сондықтан министрлік тиісті заң жобасын әзірлеген.
"Бірінші, ішкі істер департаменттері негізінде полиция департаменттерін құру. Бұл аумақтық ішкі істер департаменті құрылымына тек полиция міндеттерін атқаратын бөлімшелер кіруімен байланысты. Екінші, министрлікке бағынысты етіп полиция департаменттерін және жергілікті полиция қызметін қосу. Сонда дара басшылық және тік бағынушылық принциптері сақталады", — деді ол.
"Төртінші, мас күйінде жасалатын және рецидивтік құқық бұзушылықтардың қосымша әдістері мен формулалары орнатылады. Атап айтқанда, жазасын өтеуде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға алкогольді ішімдік ішуге толық тыйым салынады. Бұрын сотталған адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау үш жылдан бастап соттылығын жоюға дейінгі мерзімге ұзартылады. Бесінші, адамдарды әкімшілік ұстау мерзімін 3-тен 24 сағатқа дейін ұлғайту енгізіледі", — деді ол.