Өңірлер

Алматыда 150-ге жуық полицей жұмыстан шығарылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жағымсыз іс-әрекет, оның ішінде жемқорлық жасаған 12 тәртіп сақшысы қызметінен қуылған

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Алматыда 2017 жылы құқық қорғау органдарынан әртүрлі себептерге байланысты 148 полицей жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақ-қырғыз шекарасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мемлекеттік кірістер комитеті кеденшілердің ұсталуына орай ішкі тексеруді бастады

Алматы ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Төрехан Исиннің сөзіне сүйенсек, былтыр 91 ашық және бес жабық тексеру жүргізіліп, жол полициясының 35 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2017 жылы: жазалау туралы 100 бұйрыққа қол қойдым, 659 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде құқық қорғау органдарынан 148 полиция қызметкері әртүрлі себептерге байланысты жұмыстан шығарылды, дәлірек айтсақ, учаскелік инспекторлар саны – 44, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша бөлім инспекторлары – 13, жол-патрульдік қызмет – 70, қабылдау қызметкерлері – 6 және басқалары", — деді Исин өңірлік орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, 2017 жылы жергілікті полиция қызметінде 2308 қызметкер жұмыс істеген.

Жағымсыз іс-әрекеті (жемқорлық құқық бұзушылықтар, қызметтік және әскери тәртіп бұзушылықтар, этиканы сақтамау) үшін 12 полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп атап өтті Төрехан Исин.

Жаңалықтар
0