Қоғам

Еліміздің төрт облысында бұрқасын соғады

14 наурызда еліміздің кей өңірлерінде көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейеді
Sputnik

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Cиноптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы, кей жерлерінде жауын-шашынды болады. Тек батыста  күн ашық. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15 м/с дейін күшеюі мүмкін. 

Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде – көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертен тұман түседі. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасындатып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.