АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Cиноптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы, кей жерлерінде жауын-шашынды болады. Тек батыста күн ашық. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде – көктайғақ.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертен тұман түседі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасындатып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.