Өңірлер

Ақмола облысында жаназаға жиналған жұрт уланып қалды

Жаназаға арналған ас тазалық сақталмаған жерде әзірленіп, тоңазытқышқа салынбаған
Sputnik

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Ақмола облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жаназа кезінде астан уланғандардың саны артқанын хабарлап, болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

50-ден астам адам ұннан уланып, ауруханаға түсті

Шортанды ауылында жаназа асынан уланғандар саны 45-тен 58-ге дейін артқан. 15 адам ауруханаға жатқызылыпты, 43 адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр. 

Осы оқиға бойынша Ақмола облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті дерттің қайдан шыққанын анықтау мақсатында эпидемиологиялық тергеу жүргізді. 

Анықталғандай, науқасқа шалдыққандардың бәрі 6 наурызда Шортанды ауылындағы жаназа асында ет жепті. Ет 5 наурызда пісіріліп, тазалық сақталмаған, лас жерде туралған – бөлмеде суға арналған ыдыс пен қолжуғыш болмаған. Еттің қамыры Егемен ауылында үйде пісірген. Туралған ет 10 сағаттан артық бөлме температурасында сақталыпты, кейін Шортанды ауылындағы дәмханаға жеткізілген.

Жаназа асы өткізілген дәмханада да жоспардан тыс тексеру жүргізіліпті.

Атап өтсек, жаназаға 150 адам қатысқан, оларды жартысы көрші аудандар мен облыс қалаларынан, елордадан барған.