Әлем

Непалда жолаушылар ұшағы құлады

17 жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді
Sputnik

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Бангладештің US-Bangla жекеменшік авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Трибхуван атындағы Катманду халықаралық әуежайының маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.

Белгілі кәсіпкердің қызы мінген түркиялық ұшақ құлады

Жергілікті басылымның ақпаратынша, ұшақтың борттық нөмірі – S2-AGU. Қону жолағына кірерде лайнер ұшу-қону жолағына қонбай, әуежайдан шығысқа қарай орналасқан футбол алаңына құлаған. Көп ұзамай әуе кемесі өртеніп кеткен.

Билік өкілдері апат салдарынан адамдар қаза тапқан болуы мүмкін деп топшылап отыр, алайда әзірге ресми ақпарат келіп түскен жоқ.

Flightradar24 сайтының мәліметіне сүйенек, Bombardier Dash 8 Q400 лайнері апатқа ұшыраған. Ұшақ 17 жыл пайдаланылып келген.

​Оқиға орнында өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Соңғы ақпараттар бойынша, 17 жолаушы құтқарылып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.