Әлем

Белгілі кәсіпкердің қызы мінген түркиялық ұшақ құлады

© pixabay/gustavmelin0Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инвестициялық компанияға тиесілі жеке ұшақ Шарджадан Ыстамбұлға ұшып келе жатқан

АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. Иранның батысында түркиялық жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Airbus A330 ұшағы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Иранда 66 адам мінген ұшақ құлады
Шарджадан Ыстамбұлға ұшып шыққан Bombardier CL60 ұшағы кеше Астана уақытымен сағат 20.40-та радардан жоғалып кеткен. Бортта 11 адам болған, оның үшеуі – экипаж мүшесі. Әуе кемесі таулы жерге құлаған. Лайнер жерге соғылғаннан кейін өртеніп кеткен.  

Түркия БАҚ-тары хабарлағандай, апатқа ұшыраған жеке ұшақ Başaran Holding инвестициялық компаниясына тиесілі болған. Бортта белгілі түрік бизнесмені Хюсейн Башаранның 28 жастағы қызы Мина Башаран мен оның жеті досы болған.  

Мина Біріккен Араб Әмірліктеріне құрбыларымен бірге сауық кешін өткізуге барғаны белгілі болды. Ол 2013 жылдан бастап холдингтің директорлар кеңесіне кірген. Қыз Başaran Holding басшылығында әкесінің орнын басады деп жоспарланған.

Ұшақтың құлауына қозғалтқыштың өртенуі себеп болуы мүмкін.    


Жаңалықтар
0