Қоғам

Бұрқасын, көктайғақ, жел: 12 наурызда ауа райы қандай болады?

Еліміздің кей өңірлерінде көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейіп, найзағай ойнайды
Sputnik

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы, кей жерлерінде жауын-шашынды болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейіп, оңтүстік бөлігінде найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
Жамбыл облысында жел күшейеді – 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с асады, кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды. 

Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с,  кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, найзағай ойнайды,  жел күшейеді – 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшейеді – 15-20, екпіні 25/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жаяу бұрқасын соғады. 

Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде — көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с жетеді.