АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы, кей жерлерінде жауын-шашынды болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейіп, оңтүстік бөлігінде найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, найзағай ойнайды, жел күшейеді – 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшейеді – 15-20, екпіні 25/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жаяу бұрқасын соғады.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде — көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с жетеді.