Қоғам

Желіде Мұратхан Тоқмәдиді іздеу кезіндегі суреттер пайда болды

Полиция емхананың сыртын қоршап, Тараздан шыққан бүкіл көлікті тексерген
Sputnik

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Интернетте Таразда ауруханадан қашып кеткен Мұратхан Тоқмәдиді іздеу бойынша жедел операцияның суреттері жарияланды.

ҰҚК ауруханадан қашып кеткен Тоқмәдидің ұсталғанын хабарлады

"Время" басылымының тілшісі Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені туралы хабар шыққан бойда оқиға орнына аттанған. Ғимаратқа журналисті кіргізбепті, ал бас дәрігердің кабинетінде полицейлер қызу талқылап жатқан.

Ауруханаға жақын жердегі саябақ қоршауға алынған. Тараздан Шымкент пен Алматыға аттанар жолда көлік кептелісі пайда болды. Полиция мен арнайы қызмет әрбір көлікті тексеріп отырды.

Қашқын сол 8 наурыз күні кешке Жамбыл облыстық ауруханасынан екі шақырымдай жерде ұсталды.

1 / 5
Тоқмәдиді іздеу
2 / 5
Тоқмәдиді іздеу
3 / 5
Поиски Токмади
4 / 5
Тоқмәдиді іздеу
5 / 5
Тоқмәдиді іздеу

ҰҚК қылмыскердің қашып кетуіне қандай жағдай жасалғанын анықтап жатыр.