Қоғам

ҰҚК ауруханадан қашып кеткен Тоқмәдидің ұсталғанын хабарлады

Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тоқмәдидің қалай қашқанын анықтап жатыр

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отырған Мұратхан Тоқмәди қамаудан қашып кетті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның ұсталғанын хабарлады.

Мұратхан Тоқмәди - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тәтішевтер отбасының адвокаты Тоқмәди ісіне қатысты мәлімдеме жасады

ҰҚК ақпаратынша, 8 наурыз күні кешкі 19:20-да Мұратхан Тоқмәди Жамбыл облыстық ауруханасынан қашып кетпекші болған. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Тоқмәди денсаулығының сыр бергенін айтып, уақытша ауруханаға жатқызылған болатын. 

"Қолға алынған шаралар арқасында Тоқмәди Таразда жедел ұсталды және Жамбыл облысындағы ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесіне орналастырылды", —деп мәлімдеді комитеттен. 

Қазіргі таңда Тоқмәдидің қалай қашқаны анықталып жатыр.

Сот отырысы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқмәди банкир Тәтішевті өлтіргені үшін айыпталып жатыр

Қазақстанның арнайы қыметтері "ҚазСтройСтекло" ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиді 2017 жылдың 12 маусымында Алматыда өткен арнайы операция кезінде ұстады. 

Бизнесмен "Ірі көлемде мүлік иелену мақсатымен бопсалау" бабы бойынша үш жылға сотталды. 

Кейінірек Мұратхан Тоқмәди қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің тапсырмасымен "Тұран Әлем" банкінің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады.

Жаңалықтар
0