Спорт

Головкин "Канелоның" допингпен ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Сауль Альварестің допинг дауына ілігуіне оның командасын кінәлады
Sputnik

АСТАНА, 8 наурыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Сауль Альварестің допинг дауына ілігуіне қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ESPN арнасына сілтеме жасап prosports.kz хабарлады.

"Канело" Головкинмен жекпе-жек алдында допинг-тестен өте алмай қалды
"Допингке қарсы агенттік "Канелоның" қанынан тыйым салынған дәрумен табылғанын мәлімдеді. Ал ол бұл жағдайды өз отанынан әкелінген еттен болды деп түсіндіріп отыр. Егер шынымен сапасыз ет пен сүт тұтынудан туындаған мәселе болса, онда оның командасын кінәлаған жөн. Нағыз кәсіпқойлар өзінің қандай тамақ жеуі керек екенін білуі керек еді. Осы қателіктерінің кесірінен олардың имиджі нашарлады. Менің ойымша, бар айып оның командасында",- дейді GGG.

Естеріңізде болса, Головкиннің қарсыласы мексикалық Сауль Альварес допинг тестен өте алмаған болатын. Ал боксшының өзі қанынан табылған дәрумен сапасыз ет жегеннен болуы мүмкін екенін айтқан еді.