Оқиға

Павлодар облысында күшті жел тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті

Қазақстанның бірқатар облысында бірнеше күннен бері күшті жел тұрып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 8 наурыз — Sputnik.  Павлодар облысындағы Қызылшілік ауылында күшті жел тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.  

Синоптиктер мереке күндеріне ауа райы болжамын ұсынды
"Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Қызылшілік ауылында 28 м/с дейінгі күшті желдің салдарынан 137 шаршы метр аумақтағы жеке тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті (жалпы көлемі 200 шаршы метр)", — деп жазылған хабарламада.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.