АСТАНА, 8 наурыз — Sputnik. Павлодар облысындағы Қызылшілік ауылында күшті жел тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
"Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Қызылшілік ауылында 28 м/с дейінгі күшті желдің салдарынан 137 шаршы метр аумақтағы жеке тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті (жалпы көлемі 200 шаршы метр)", — деп жазылған хабарламада.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.