АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев 12 көпбалалы ананы марапаттап, гүл шоқтарын табыстады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
"Сіздердің мерекелеріңіз көктемгі шуақпен, адамзатқа жылылық әкелуде. Біздің ұлт қашанда ананы ардақтап, құрметтеген. Ана отбасының жылуы, ұйытқысы. Сіздер аналық парызбен қатар біздің қоғамның дамуына да елеулі үлес қосып отырсыздар. Қымбатты аналар, қыздар, сіздердің кішіпейілділік, даналық, түсіністік пен қолдауларыңызға рахмет", ¬¬- деді әкім.
Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында гендерлік саясатқа, ана мен баланы қорғауға басым көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Кездесу соңында 10 көпбалалы ана – "Күміс Алқа", екі ана – "Алтын Алқамен" марапатталды.