Өңірлер

Шымкентте өзінен үлкен балаға күн көрсетпеген оқушы қамауға алынды

10-сынып оқушысы өзінен бір сынып жоғары оқитын баладан бірнеше рет қорқытып, ақша талап еткен
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik.  Шымкентте 11-сынып оқушысынан ақша бопсалаған жасөспірім қамауға алынды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Талдықорғанда ата-анасы телефон ұстауға тыйым салған оқушы өзін өлтірді
"Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының  2018 жылғы 6 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 194-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтары негізінде күдікті Т.Н.-ға  2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілді", — деп жазылған хабарламада.

Соттың мәліметінше, Шымкент қаласы ішкі істер басқармасы Қаратау полиция бөліміне азамат М.Рысбай арызданған, ол өз арызында №83 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Т.Н.-ның сол мектепте 11-сынып оқитын ұлы Б.Ж.-дан 2017 жылдың қазан айы мен 2018 жылдың ақпан айы аралығында бірнеше рет қорқытып, ақша талап еткенін айтып, заңды шара қабылдауды сұраған.

Тергеу амалдары жүргізілуде. Сот қаулысы заң күшіне енбеді.