Спорт

Қанат Ислам өзінің промоутерлік компаниясын ашты

"QAZAQ promotions" Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастырмақ
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik.  Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental мен WBA Fedelation белбеулерінің иегері Қанат Ислам "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты, деп хабарлайды prosports.kz сайты. 

Қанат Ислам бос сөзі көп боксшыға айналып кеткен жоқ па?
Аталған ақпаратты қазақстандық боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Қанат Ислам Америкада "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты. "QAZAQ promotions" Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде "Main event" промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу ең басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде", — деп жазды Берік Сұлтан.

Әрі серіктес компания жауаптыларымен бірге түскен суретін жүктеп, ондағы адамдарды таныстыра кетуді де ұмытқан жоқ.