Әлем

Жээнбеков: Ақаев пен Бакиевтің тағдырын қайталағым келмейді

Қырғыз президенті билікке туыстарын жолатпауға деп уәде берді
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik.  Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков БАҚ басшыларымен кездесу кезінде өзінің туыстары мемлекет басшысының жұмысына араласпайтынын айтты, деп хабарлайды centralasian.org.

Жээнбеков Қазақстанның әнұранын қолын жүрек тұсына қойып тыңдады
Оның сөзінше, көбі мемлекеттік лауазымды қызметке туыстарын тағайындайды ма деп қорқады. Әсіресе өзінің кіші бауыры Асылбек Жээнбековке қатысты көп сөз еретінін айтады.

"Олар өз жұмыстарын жақсы жүргізіп жатыр. Мен Ақаев пен Бакиевтің тағдыры қалай болғанын көрдім. Алты жылдан кейін басымды көтеріп, адамдармен еркін кездескім келеді", — деді ол.

Асылбек Жээнбеков парламент спикері болған. Бірақ Сооронбай Жээнбеков премьер-министрлікке ұсынылған кезде, ол қызметінен кеткен. Кейін Социал демократиялық партия Сооронбай Жээнбековті президенттікке ұсынды. Қазір Асылбек Жээнбеков — парламент депутаты.