Қоғам

ҰҚК: жасөспірім Халық банкіне хакерлік шабуыл жасаған

Кәмелеттік жасқа толмаған хакер – Қазақстан азаматы, ол айыбын мойындап, банкке өтемақы төледі
Sputnik

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Қазақстанның Халық банкі" АҚ ақпараттық ресурстарына 2016 жылы қарашада кибершабуыл жасалып, қызметіне нұқсан келтірілу жайтын тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазақстанда бірнеше банктің серверіне хакерлік шабуыл жасалды

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 210-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

"Жедел-іздеу шаралары нәтижесінде ҚР азаматы Е.А.С. ұсталды. Ол сараптамалар жүзінде дәлелденген бұлтартпас айғақтарға байланысты айыбын мойындады", — деп хабарлайды комитет.

Ведомство атап өткендей, айыптының кәмелеттік жасқа толмағанын, бұрын сотталмағанын, жәбірленуші тарапқа өз еркімен шығынды өтегенін, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық беруді ескере отырып Е.А.С. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын тоқтатты.